Мемлекеттік қолдаудың қаржы шараларын тиімді пайдалану бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 13,4% артты және 137,8 млрд теңгені құрады.
Азық-түлік өнімдерінің негізгі капиталына инвестициялар осы жылы 6 айында 41,5% артты және 27,2 млрд теңгені құрады.
АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру мақсатында субсидияның 65 түрі қайта қаралды, қорытындысы бойынша 11 тиімсіз субсидия алып тасталды, 40 бойынша қағидаттар өзгерді, ал қалған 14-і өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде жыл сайын 25 млрд. теңге үнемделеді. Ал өзгертілген қағидаттар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін орта есеппен алғанда сол бюджет аясында 29% арттырады.
Мал шаруашылығында өзгертілген қағидаттар сол қаражат аясында субсидиялар алушыларды қамтуды бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді. Егер бұған дейін сиыр еті бойынша субсидияларды өнеркәсіптік бордақылаумен айналысатын 175 тауар шаруашылығы алса, бүгінде қамту 522 шаруашылықты құрады (100%).
Сүт бойынша қамту 2 есеге – 269-дан 532 шаруашылыққа дейін ұлғайды.
Қой еті бойынша мемлекеттік қолдауды алушылар саны қой етінен әлдеқайда сұранысқа ие қозы етін субсидиялауға көшумен 1,3 есеге – 180-нен 234 шаруашылыққа дейін ұлғайды.
Жүн бойынша алушылар саны 3,6 есеге – 50-ден 180 шаруашылыққа дейін артты. Жұқа ғана емес, жартылай жұқа жүнді субсидиялау қарастырылған.