Дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің материалдық жағдайы нашар. Дәріхана жоқтың қасы. Сенатор Әли Бектаев премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалына осындай мәселелерді арқау етті.
"Ауылдық жерлерде дәріхана атымен жоқ. Ал медицина мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамту деңгейі көңіл көншітпейді", – деді ол.
Сенатордың сөзінше, ауылдағы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі төмен.
"Халық саны 3 мың адамнан асатын әрбір елдімекенде өзінің дәріханасы, жедел жәрдемі және перзентханасы бар ауылдық ауруханаларды қалпына келтіру қажет. Медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің де, көшпелі дәріханаларды ұйымдастырудың да тұрақты шараларын қарастырған дұрыс", – деді Әли Бектаев.
Қанат Махамбет