Еліміздегі ауылдардың мәселесін шешуге 900 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат 2027 жылға дейін қарастырылған. Қомақты ақшаның 70 %-ы республикалық, қалған 30 %-ы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
Мұндай ақпаратты Үкіметте "Ауыл – ел бесігі" мәселесі бойынша баяндама жасаған Премьер-Министдің орынбасары Роман Скляр жеткізді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселе бар, жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажеттілігі туындап тұр. Әсіресе, инженерлік желілердің тозығы жетіп, көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді.
Биыл іске асырыла бастаған жоба осындай қордаланған мәселелерді шешуге ықпал етпек.