"Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" марафоны жалғасып жатыр

1064

1 қазан басталған шара аясында ел өңірлерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

"Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" марафоны жалғасып жатыр

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" марафоны өтуде. Марафон аясында республиканың барлық өңірлерінде ауылдардың жетістіктерін көрсетуге бағытталған жәрмеңкелер, түрлі іс – шаралар өткізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысында 100-ден астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен 9 жәрмеңке өткізілді, онда 356,1 млн теңгеге 407,8 тонна ауылшаруашылығы өнімдері сатылды. 

Ақтөбе облысы бойынша 204 жәрмеңке өткізіліп, 598,6 млн теңгеге 2 119,9 тонна ауылшаруашылығы өнімдері сатылды.

Алматы облысында Талдықорған қаласында отандық өндірушілердің ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда республикалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған Алматы облысының 50-ден астам үздік ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты. 462,7 тонна көлемінде ауылшаруашылығы өнімдері әкелінді, 214,4 млн теңге сомасына сауда жасалды.

"Атырау облысында аудан орталықтары мен Атырау қаласының базарларында апта сайын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері мен көрмелері өткізіледі.

"Қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысында отандық өндірушілердің 31 ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Отандық өндірушілердің ауылшаруашылығы өнімдерінің 12 көрме-жәрмеңкесі өткізілді.

"Өскемен қаласында "Бал жәрмеңкесі-2021" өтіп, онда ШҚО-ның 19 қаласы мен ауданындағы өндірушілерінің бал және бал өнімдері сатылды.

Жамбыл облысында 51 жәрмеңке өткізіліп, 1 286 тонна тауар сатылды. Апта сайын Тараз қаласында "Туған жерім – дархан далам" жәрмеңкесі өткізіліп, онда Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктерінің көрмелері, Жамбыл облысының дамуына үлес қосқан ауданның еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тарихын бейнелейтін фотокөрмелер ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі күні республиканың 420-ға жуық тауар өндірушілерінің қатысуымен 14 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы 3 мың тонна өнім сатылды", – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

Айта кететіні, осындай жәрмеңкелер республиканың барлық аймақтарында ұйымдастырылуда. Ал "Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" марафоны қазан айының соңына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу