Автобус пен пойыз соқтығысқан жолдың құрылысы қатаң бақыланады

1729

Өтпежолдың жұмыстары алдағы жылдың сәуір айында, ал жалпы құрылыс келер жылдың соңында аяқталмақ.

Автобус пен пойыз соқтығысқан жолдың құрылысы қатаң бақыланады

Өткен айда пойыз бен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмғаннан кейін Шамалғандағы жол құрылысы ерекше қадағалаумен салынбақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Нақтыласақ, "Орталық – Оңтүстік" дәлізіндегі "Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай" күре жолының шойын жолмен түйісетін нүктесін "Қатаң бақылаудағы құрылыс" режиміміне енгізу көзделген. Өтпежолдың жұмыстары алдағы жылдың сәуір айында, ал жалпы құрылыс келер жылдың соңында аяқталмақ.

Еске салсақ, 15 қыркүйекте аталған аймақта пойыз бен жолаушылар көлігі соғылып, автобус жүргізушісі қаза болған еді. Аталған қиылыста бұрыннан-ақ ұзынсонар кептеліс болып, жүргізушілер бағдаршамға бағынбай өте береді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу