Автокөлік тасымалдарында электрондық жеке куәлікті пайдалану заңдастырылды

767

Жолаушылар мен жүк автокөлігімен тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер қазақстандықтарға цифрлық жеке куәлікті қағаз түріндегі жеке куәлікпен тең пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік тасымалдарында электрондық жеке куәлікті пайдалану заңдастырылды

Атап айтқанда, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) бағыттарда автобустарға отырғызу кезінде жолаушылар жеке куәлігін өз қалауы бойынша – түпнұсқада немесе электрондық құжат түрінде (ұялы телефон арқылы) ұсына алады.

Сондай-ақ автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету тіректерінде цифрлық жеке куәлікпен билеттер сатып алу, халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыттарда жол жүру кезінде жүк алу мүмкіндігі көзделген.

Бұдан басқа, такси жүргізушілері рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өту кезінде жеке куәлікті қағаз тасығышта да, электрондық нысанда да пайдалана алады.

Жоғарыда аталған нормалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (2021 жылғы 4 қазандағы№ 524) ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша цифрлық технологияларды дамыту және азаматтардың жеке куәліктерінің түпнұсқаларын өзімен бірге алып жүру қажеттілігінсіз өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігін кеңейту үшін қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу