2023 жылдың алғашқы үш айында елімізде 104 мың тонна азотты тыңайтқыш өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз. Фосфорлы тыңайтқыштарды шығару бір жылда бірден 8,2 есеге, 5,9 мың тоннаға дейін қысқарды, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Азотты тыңайтқыштар өндірісінің негізгі көлемі Маңғыстау облысына тиесілі. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл өңірде 101,9 мың тонна тыңайтқыш өндірілді (98%).
Фосфорлы тыңайтқыш өндірісінде Жамбыл облысы көш бастады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында азотты тыңайтқыштар өндірісі 1,7%-ға, 437,7 мың тоннаға дейін, фосфорлы тыңайтқыш өндірісі 29,4%-ға, 138,1 мың тоннаға дейін азайды.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар азотты тыңайтқыштарға сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспортты) 56,9%-ға ғана қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс 6,4%-ға азайды (72,2 мың тоннаға дейін). Елге 54,6 мың тонна тыңайтқыш әкелінді (+77,9%). Ішкі нарықта 120,4 мың тонна тыңайтқыш сатылды (+45%).
Ішкі нарықта фосфорлы тыңайтқыштарды сату бірден 7,1 есеге (4,3 мың тоннаға дейін) қысқарды.
FAO мәліметінше, 2020 жылы әлемдегі ең көп тыңайтқыш Бахрейнде қолданылды: гектар жерге 386,7 келі. Көшбасшылардың бестігінде Египет, Нидерланды, Люксембург және Ирландия бар.
ТМД елдерінде Қазақстанда тыңайтқыштардың ең аз мөлшері пайдаланылды: гектарына небәрі 2,5 келі. Арменияда бұл көрсеткіш – 178,8 кг, Өзбекстанда – 162,5 кг, Түрікменстанда – 144 кг, Әзербайжанда – 90,1 кг, Беларуссияда – 80,2 кг, Тәжікстанда – 68,4 кг, Украинада – 50,8 кг, Қырғызстанда – 19 кг, Ресейде – 15,5 кг.