Биыл "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 87 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр

909

Бұл туралы Премьер-Министрдің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша өткізген кеңесінде айтылды. 

Биыл "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 87 млрд теңгеге  ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр

Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық.

"Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады", – деп жазылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңестен кейін таратылған хабарламада.

Сонымен қатар негізгі аграрлық елдердегі, оның ішінде ҚР-дағы қолайсыз климаттық жағдайлар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының төмендеуіне алып келгені атап көрсетіліп, осыған байланысты бағаның өсуі, сондай-ақ көрші елдер тарапынан ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалғаны айтылған.

Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,7%-ды құрады. Соңғы айда бағаның 0,7 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.

Премьер-Министр әкімдіктер мен министрліктерге инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Егін жинау маусымының аяқталуына байланысты әкімдіктерге "айналым схемасы" бойынша қосымша қаржыландыру бөлуді жеделдету және өңірлік тұрақтандыру қорларына бұрын жеткізілген азық-түлік көлемін сатып алуды жүзеге асыру тапсырылды. Бұл ретте форвардтық сатып алу шеңберінде астық жеткізу бойынша "Азық-түлік корпорациясы" ҰК АҚ алдында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу