Азық-түлік корпорациясы қараша-желтоқсанда бидай мен арпаның сатып алу бағасын – 21% және 42%-ға, күнбағыс, зығыр, рапсты орташа алғанда 6%-ға қымбаттатты, деп хабарлайды Кazakh-zerno.kz.
Биылғы жылғы қарашаның соңы – желтоқсанның басында бидай мен арпа бағасының арзандауына әкеп соғатын жәйттер болды. Айталық, жылдың соңына дейін мойнындағы берешегін қайтаруды ойлаған ауыл шаруашылық өндірушілер тарапынан бидайды сату жөнінде ұсыныстар көп болды.
Бағаның арзандап кетуін болдырмау, сондай-ақ диқандарды қолдау мақсатында қараша айында "Азық-түлік корпорациясы" АҚ өзінің еншілес "Астық қоймалары" компаниясына тиесілі нан базаларында бидай мен арпаның сатып алу бағасын 21% және 42%-ға көтерді. Желтоқсанның басында Азық-түлік корпорациясымен келісімшарт жасасқан өзге де нан пісіруші кәсіпорындарда да сатып алынатын бидайға қатысты дәл осындай шешім қабылданды. Ондай кәсіпорындардың саны 61.
Биылғы жылдың қазан айында Азық-түлік корпорациясы алғаш рет күнбағыс, зығыр, рапс, соя сатып алу жөнінде хабарлады. Қарашада аталған дәнді дақылдарға компания белгілеген баға мөлшері жоғарлатылды. Корпорацияның мұндай шаралары өндірушілер үшін тиімді баға қалыптастыруға ықпал етіп, табыстарын молайтуға мүмкіндік беріп отыр.