Баға бақылаусыз құлдыраса, астық өндірісі пайдаға кенелмейді

637

"Қазақстанның астық одағының" төрағасы Нұрлан Оспанов бағаның бақылаусыз құлдырауы алдағы маусымда астық өндірісі рентабельділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екендігін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Баға бақылаусыз құлдыраса, астық өндірісі пайдаға кенелмейді

Спикер азық-түлік бағасына әсер ететін негізгі дақылдардың жай-күйіне тоқталды. Оған бидай, арпа және күнбағыс тұқымдары жатады.

Нұрлан Оспановтың айтуынша, биыл бидайдың жалпы түсімі 16,0 млн тонна болады деп күтілуде. Ал ішкі тұтыну көлемі 5,1 млн тонна болмақ. Бұл тұтыну нормаларына сәйкес есептеледі. Шамамен алғанда әр гектардан 4 центнер бидай алынады деген сөз. 

"Біз жоқ дегенде жылына 8-9 млн тонна бидай жинаймыз. Бұл елімізді бидайдың қажетті көлемімен қамтамасыз ете алатынымызды көрсетеді. Биылғы экспорт көлемі 9 млн тонна болмақ. Ал 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 2,7 млн тонна бидай қоры қалады. Бұл үлкен ауыспалы қор. Осы тұста бұл бидай қоры ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде немесе азық-түлік корпорациясы ресурстарында қала ма деген үлкен сұрақ туындайды", – деді Нұрлан Оспанов. 

Арпаға келетін болсақ, биыл оның ішкі тұтыну көлемі 1,7 млн тоннаны құрайды деген болжам бар. Жалпы жиын-терім 3,1  млн тоннаны, өңдеуден кейінгі өндіріс көлемі 2,7 млн тонна болмақ. Ал 1,36 млн тонна арпа экспортқа кетеді дейді "Қазақстанның астық одағының" төрағасы. 

"Елімізде ішкі нарықтың қажеттілігін өтейтін астық жеткілікті. Ресейлік төмен баға қазақстандық астықтың бағасын "итермелейді". Біз бидай, арпа және күнбағыс тұқымдары бағасының айтарлықтай төмендеуін күтеміз. Бірақ бағаның бақылаусыз құлдырауы алдағы маусымда астық өндірісінің рентабельділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін", – деді спикер.

Күнбағыс дақылының жалпы жиын-терімі 1,5 млн тоннаға жуықтайды екен. Ал өңдеуден кейінгі өндіріс көлемі 1,2 млн тонна болмақ. 

"2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі резервке назар аударыңыз. Ішкі тұтыну шамамен алғанда 1 млн тоннаны құраса, 400 мың тонна дақыл келесі маусымға қалуы мүмкін. Біздің ауыл шаруашылығы дақылдарымыздың барлық дерлік түрін Өзбекстан сатып алады. Оның ішінде бидай, ұн, күнбағыс майы да кіреді", – деді Нұрлан Оспанов. 

Күнбағыс тұқымы басқа дақылдарға қарағанда көп уақыт сақталмайды.

Маманның айтуы бойынша, көктемге қарай күнбағыстың қышқылдығы жоғарылап, тиісінше оның сатып алу бағасы да төмендейді. "Қазақстан астық одағының" төрағасы жоғарыда аталған дақылдарға қатысты сауда саясаты дұрыс құрылу қажеттігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу