Байдарка мен каноэ есу: Қазақстандық спортшылар жартылай финалда

823

Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты жалғасуда.

Байдарка мен каноэ есу: Қазақстандық спортшылар жартылай финалда

Инни Клинова 200 метрге байдаркамен есуден жартылай финалға өтті. Ол өз тобында үшінші орын алған, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Сергей Токарницкий 200 метрге байдаркамен есуден әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Сондай-ақ, каноэмен 200 метрге жарысудан Тимур Хайбуллин жартылай финалда бақ сынайды. Ол іріктеу сынын өз тобындағы бірінші орынмен аяқтаған. 

Бүгін каноэмен 1000 метрге жарысудан ағайынды Емельяновтар сынға түседі. Сонымен қатар, төрт адамдық байдаркамен есуден іріктеу кезеңі басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу