"Байтерек девелопмент" "Қазақстан ипотекалық компаниясына" қосылды

814

9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй бағдарламалары операторларын қысқарту туралы заңға қол қойған болатын.

"Байтерек девелопмент" "Қазақстан ипотекалық компаниясына" қосылды

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ "Байтерек девелопмент" АҚ-ны өзіне қосу арқылы компанияны қайта ұйымдастырмақ . Бұл туралы ҚИК баспасөз қызметі мәлім етті. 

Яғни ҚИК "Байтерек девелопмент" АҚ-ның 70 млн 40 мың акциясын сатып алады. Әр құнды қағаздың бағасы 1479 теңге деп белгіленген. 

9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй бағдарламалары операторларын қысқарту туралы заңға қол қойған болатын. Аталған заң 1 шілдеде күшіне енді. Осылайша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жұмыс істейтін болады. Оның құрамына "Байтерек девелопмент", "Қазақстан ипотекалық компаниясы" мен Тұғын үй құрылысына кепілдік ету қоры енбек.

Ескере кететін жайт, ҚИК қаржы нарығында 2000 жылдың желтоқсан айында пайда болды. 2010 жылы ол қайта ұйымдастырылып, оған "ҚазИпотек" ИҰ" АҚ еншілес ұйымы қосылды. Осылайша компания халыққа тікелей ипотекалық несие бере алатын ипотекалық ұйым мәртебесіне ие болды. 

Табиғат Нұрболат
Фото: favoritehome.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу