БАҚ туралы жаңа заң жобасы келер жылы Парламентке ұсынылмақ

1441

БАҚ туралы жаңа заң жобасы келер жылы Парламентке ұсынылмақ

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң жобасы келесі жылы Парламент қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін 9 айдың жұмысын қорытындылаған ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Министрлік БАҚ, телерадио xабарларын тарату, байланыс және ақпараттандыру мәселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жобасы аясында 4 кодекс пен 12 заңға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Тұжырымдама кеңінен талқыланды. Сыни пікірлердің барлығы ескерілді. Жақын арада заңның жобасын жариялаймыз. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі. Сол үшін құжатты xалықпен кеңінен талқылау жөнінде тапсырма берілді", - деді Д.Абаев.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу