Балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды

959

Шалғай ауыл тұрғындарынан коронавирусқа сынамалар алына бастады.

Балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды

"Қызыл" аймаққа енген Қостанай облысының ауыл тұрғындарынан коронавирусқа сынамалар алына бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Медициналық тексеріс "Ұлттық сараптама орталығының" мобильді зертханалық кешені арқылы жүргізілді. Арнайы жабдықталған көлік алдымен Тобыл өңірінің Ресей Федерациясымен шекаралас Денисов, Жітіқара аудандарына жол тартты.

Тұрғындарды короновирусқа тексеруге екі вирусолог дәрігер аттанған. Сондай-ақ  жергілікті лаборант мамандарға сынамалар жинау мен анықтау тәсілдері де үйретіледі.

Жалпы, еліміз бойынша медициналық құралдармен жабдықталған 7 көлік бар. Бұл зертханада тәулігіне 300-ге дейін сараптама жүргізуге болады. Лабораториялық тексерістің нәтижесі де осы жерде беріледі.

Айта кетсек, елімізде 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды. Басты себеп аталған жастағы азаматтар үшін екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы нақты мәлімет жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, Денсаулық кодексіне сәйкес елімізде вакцинация тегін әрі ерікті түрде жүреді. Кез-келген азамат жазбаша түрде екпеден бас тарта алады.

Министрлік вакцинаның қауіпсіз екенін мәлімдеді. Кез келген лицензиясы бар екпе бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан басталып, үш кезеңге бөлініп жүргізіледі. Алғашқы кезекте, инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, жансақтау және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің мамандары екпе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу