"Балқаш-Бурылбайтал" автожолы қайта жаңартылып жатыр

1228

Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

"Балқаш-Бурылбайтал" автожолы қайта жаңартылып жатыр

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар "Балқаш-Бурылбайтал" автожолының 147 шақырымында (2005-2152 км) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі таңда жолшылар 3 учаске бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 15 шақырымда жер жабынының құнарлы қабаты алынып, қазу жұмыстары атқарылды. Жоба аясында темір жол өткелдері мен 10 көпірдің, 109 құбырдың құрылысы көзделген. Күре жолдың бойында демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында автопавильондар салынады. Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, "Балқаш-Бурылбайтал" автожолы І-техникалық санатқа сәйкес, толық 4 жолақты жол болады", –  делінген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінде.

Учаскелерде 316 маман және 204 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу