Банкте адамдарды кепілге алған азаматты қандай жаза күтіп тұр?

512

Астанада банк ішінде 7 адамды кепілге алған азамат 12 жылға сотталуы мүмкін. 

Банкте адамдарды кепілге алған азаматты қандай жаза күтіп тұр? Фото: polisia.kz

Олай деуге полицейлер таратқан ақпарат түрткі болып отыр. Өйткені елді дүрліктірген күдіктінің әрекеті қылмыстық кодекстің "Адамды кепілдікке алу" бабы бойынша тергеліп жатыр екен. Ал бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Бас прокуратура өкілдері 30 жастағы күдіктінің 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұрғаны туралы ақпарат таратты. Еске сала кетсек, кеше бір азамат Астанадағы банк бөлімшелерінің бірін басып алып, 7 адамды кепілге алған болатын. Онымен келіссөздер нәтиже бермеген соң артынша арнайы жасақ араласып, азаматтар босатылды. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу