Банктердергі техникалық ақаулар кезінде жеке деректер қолды болмай ма?

1072

Бұл сауалға министр жауап берді. 

Банктердергі техникалық ақаулар кезінде жеке деректер қолды болмай ма?

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге банктердегі жеке деректерге қатысты сауал қойылды.  

"Күні кеше ғана осындай техникалық ақау мәселесі туындады. Екінші деңгейлі банктердегі жеке деректердің қолды болмауына мемлекет кепілдік бере ала ма?" деген сауалға министр мемлекеттік қызмет көрсету барысында алынған жеке деректерді заңсыз пайдаланғаны үшін банктер заңды жауапқа тартылатынын ескертті. 

Оның сөзінше, барлық банктер ақпараттық қауіпсіздік бойынша бірыңғай техникалық талаптарды сақтауы тиіс. Ал оны сақтамағандар жазаланатын көрінеді. 

"Егер қандай да бір ЖШС немесе кәсіпорын жеке деректерді теріс пайдалану күдігіне ілінсе, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға болады. Біз тексеру жүргіземіз. Қазір бірінші кезеңде сенімімізден шыққан екінші деңгейлі банктердің саны шектеулі, бұл мәселе әлі де пысықтауды қажет етеді", – деді Бағдат Мусин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу