Банктердің ипотека беруге неге құлықсыздық танытып отырғаны айтылды

1176

Банктердің ипотека беруге неге құлықсыздық танытып отырғаны айтылды

Бүгінгі күні ипотекалық қарыздың үлесі бар болғаны 8 пайызды құрайды. Оның үлкен бөлігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" тиесілі. Ипотеканы 1-2 деңгейдегі банк қана береді. Ал "Нұрлы жер" бағдарламасында банктерді ынталандыратын тетіктер алынып тасталған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасы тұжырымдамасын талқылау барысында Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Айдын Рақымбаев айтты, деп жазады egemen.kz.

"Бүгінгі күні ипотекалық қарыздың үлесі бар болғаны 8 пайызды құрайды. Оның үлкен бөлігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" тиесілі. Ал ипотеканы екінші деңгейдегі банк қана береді. Бұл жерде Ресейдің оң тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Көрші елде ипотекалық кредит үлесі айтарлықтай жоғары, ал ипотеканы өтемеу мөлшері 5 пайыздан төмен. Бағдарламаның алдыңғы редакциясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат есебінен банктерді қорландыру тетіктері қарастырылған болатын. Бірақ бұл тетіктер Ұлттық банктің ескертулерінен кейін алынып тасталды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта банктер жай да ипотека беруге мүдделі емес", — дейді А.Рақымбаев.

Оның айтуынша, банктердің ұзақ мерзімге берілетін арзан ақшасы болмағандықтан, бағдарламада ұсынылып отырған шараларды жаппай қолданысқа енгізу мүмкін болмайды.

Ал бағдарлама тұжырымдамасында 2017 жылдан бастап халыққа 17 пайызбен берілетін екінші деңгейдегі банктердің ипотекасын субсидиялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызды құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу