Жарылыс Башкирияның бұрынғы әскери бөлімінің аумағында болған, зардап шекендер бар, деп хабарлайды республикалық ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.
Агенттікке дереккөздің айтуынша, мәскеу уақытымен сағат 10.00 шамасында ТЖМ кезекші бөліміне бұрынғы әскери бөлім аумағына белгісіз біреулер заңсыз еніп, кейіннен жарылыс болғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, олардың жағдайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде", - деп хабарлады ТЖМ-нің ресми өкілі.
Тергеушілер 24 және 22 жастағы екі азаматтың қаза болу оқиғасына байланысты тексеріс жүргізуде, олар Башкирияның Иглинский ауданының тұрғындары",– деді аймақтық РФ ТК басшысының аға көмекшісі Светлана Абрамова.
Ол екі адамның қандай жағдайда қаза болғандығын нақты айта алмады. ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, әскери бөлім аумағына темір іздеушілер енген болуы мүмкін.
Куәгерлердің, яғни бөлімше орналасқан Башкирияның Иглинский ауданындағы Урман кентінің тұрғындарының айтуы бойынша, жарылыс салдарынан екі жігіт қаза тапқан. Бұл ақпаратты ресми мекемелер әзірше растамай отыр.
"Жарылыс таңертең болды. Менің үйім бұрынғы әскери бөлімге жақын орналасқан. Естуімше, жарылыс салдарынан 22 жастағы екі жігіт қаза тапқан. Олардың бірі жақында әскерден келсе, екіншісінің артында кішкентай баласы қалды", – дейді Урман кентінің тұрғыны Александр Уразбаев.