Батыс Қазақстанда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

123

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Батыс Қазақстанда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды Фото: Медет Медресов

Батыс Қазақстан облысында "Лада Ларгус" жеңіл көлігі "КамАЗ" автомобилімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 17.00-де Орал-Кирсанов автожолының 5-шақырымында Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылы маңында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші "Лада Ларгус" автокөлігімен қарсы бетке шығып кетіп, "КамАЗ" автомобилімен түйіскен.

– Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу