Атырау және Ақтөбе облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірігіп, есірткі тасымалдауға қатысы бар топ мүшелерін қолға түсірді. Ұстау операциясы 13 қаңтар күні болған, оның бейнебаяны ҰҚК сайтында жарияланды.
Белгілі болғандай, бұл азаматтар – теріс діни ағымның өкілдері. Қазіргі күні олар Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен қапмауға алынған. Олардың әрекеті бойынша ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу