Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын сатып алатын компания туралы ақпарат берді

1994

Инвестордың иелігінде Францияның 2 әуежайы бар. 

Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайын сатып алатын компания туралы ақпарат берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы әуежайының сталыуына қатысты пікір білдірді. 

"Бұл келісім туралы қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Өйткені процесс әлі аяқталған жоқ. Алматы әуежайы жеке компанияның меншігінде. Сондықтан келісім өз бетімен жүріп жатыр. Біздің министрлік мақұлдайтын тұстары Азаматтық авиация комитетімен бірге талапқа сай өтуде. Алматы әуежайы – Орталық Азиядағы ең ірі нысанның бірі. Бізге  жолаушылар терминалының өзін жаңғыртып, күрделі жөндеуден өткізу қажет. Өйткені жыл сайын жолаушылар ағыны өсіп келеді. Оның үстіне желтоқсан айының ортасынан бастап Алматы мен Доха арасында күніне 7 рейс қатынайтын болады", – деген министр нысанның сатылуы қызмет бағасына қалай әсер ететінін атады. 

"Менің ойымша, бұл келісім – әуе қатынасы қызметінің сапасын арттыру бағытындағы оң қадам. Оның үстіне қосымша инвестиция келеді деген сөз. Менің білуімше, сатып алушы компанияның иелігінде бірнеше әуежай бар. Соның ішінде Франциядағы 2 әуежай осы компанияның басқаруында. Сауда құны туралы мәлімет бізде жоқ. Қызмет құнына келсек, біз сервис пен қызмет еуропалық және халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілгенін жақтаймыз. Бұл әуе тасымалының тарифтерін сәйкестендіріп, орташаландыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында әуе тасымалдаушылар белгілі бір кезеңде бағаны нақты болжай алады", – деді ведомство басшысы. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу