Бейбiт жиналыс өткізуге тыйым салынбайды

845

Мәжіліс сенаттың "сүзгісінен" өткен заң жобасын қолдады.

Бейбiт жиналыс өткізуге тыйым салынбайды

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

"Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар әкімшілік орталықтардың аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты әрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі және олардың алдын алуы тиіс", – деді заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин.

Ол заң жобасының жекелеген нормаларының құрылымын жетілдіру мақсатында түзету енгізілгенін айтты. 

"Заңнама және сот, құқықтық реформа комитеті "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынады", – деді мәжілісмен. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін  inbusiness.kz бейбiт жиналыс қандай жағдайда тоқтатылатынын  және заң жобасындағы қандай норма, не үшін 
алынып тасталғанын хабарлаған болатын. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу