Ливан астанасы Бейрут қаласында көлік доңғалағының тыстары толы қойма жарылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланбады. Өрттің басы-қасында болғандар қара түтін мен жалынды видеоға түсіріп үлгерген.
Ливандағы Қызыл Кірес пен Жарты ай ұйымы директорының сөзінше, апатқа өртелген қоқыс себеп болған. Ресми дерек бойынша, қызыл жалын Duty Free территориясындағы ангарлардың орнын шарпып, қоймаға жеткен.
Еске сала кетсек, 4 тамызда Бейрут портында 2750 тонналық аммиак селитрасы жарылып, қаланың күл-талқаны шыққан еді. Оның салдарынан 190 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын үйсіз қалды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу