Ел астанасы Бейруттың оңтүстігіндегі Ливанда ХАМАС радикалды қозғалысы төрағасының орынбасары Салех аль-Арури жарылыстан қаза тапты. Оның қайтыс болғанын ХАМАС тобы растады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс израильдік ұшқышсыз ұшақтың соққысынан болды. Алайда, Израиль оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. Дегенмен, Израиль барлау қызметі ХАМАС-тың Батыс жағалаудағы әскери қанатының іс жүзіндегі жетекшісі аль-Аруриді бірқатар лаңкестік әрекеттер мен адам ұрлауды ұйымдастыруға қатысы бар деп күдіктенгені белгілі.
Айта кетсек, аль-Арури бірнеше рет Израиль түрмелеріне түсіп, 2010 жылы мыңнан астам палестиналықтарды тұтқындаған сарбаз Гилад Шалитке айырбастау кезінде босатылды. Аль-Аруримен бірге жарылыс кезінде басқа 5 немесе 6 адам қаза тапты.