Bek Air-ден билет алған 560 қазақстандықтың мүддесі қорғалды

810

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті әуе компаниясы жолаушыларға 37 млн теңге қайтару керек деп есептейді.  

Bek Air-ден билет алған 560 қазақстандықтың мүддесі қорғалды

Сот отырысы Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында бейнебайланыс режимінде өтті. Комитет әуе компаниясынан күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатын клиенттеріне қайтаруын талап етіп отыр.

Сотта комитет 560 қазақстандық мүддесін қорғады.

"Олар 37 млн теңгеден астам сомаға 1070 билет сатып алды. Тұтынушылардың өтініштері комитетке күн сайын түседі. Сондықтан комитет талап арызды сот шешімі шығарылғанға дейін келіп түскен арыздармен толықтыратын болады",– делінген ҚР Сауда және Интеграция министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот отырысы барысында "Бек Эйр" АҚ-ның өкілі әуекомпания өз клиенттеріне ақша қайтару процесін бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, әуе компаниясы 300 млн теңгеге жуық қаржы қайтарған. Қаражатты қайтару үшін тұтынушы авиакомпанияға барып, билеттің алынғанын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Келесі сот отырысы 2020 жылдың 13 мамырына тағайындалды.

Еске сала кетсек, былтыр желтоқсанның 27 күні "Бек Эйр" компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Алматы түбіндегі ұшақ апатын негізге алған Қазақстанның авиация әкімшілігі "Бек Эйр" компаниясының эксплуатация және ұшуға жарамдылық сертификаттарын тоқтатты. Осыған байланысты билетті алдын ала алған клиенттер ақшасын қайтаруды талап ете бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу