Бельгия Корольдігінде Қазақстан тарихы туралы кітап жарық көрді

902

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың "Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті" атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бельгия Корольдігінде Қазақстан тарихы туралы кітап жарық көрді

Кітап Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді.

Кітап М. Сыдықназаровтың әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, Шығыс) көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі. Кітапта 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың сипаттама-дескрипторлары, түсініктемелері келтірілген, толық шығу деректері мен техникалық параметрлері ұсынылған, сипатталған, келтірілген.

М. Сыдықназаровтың әлемдік картографиялық коллекциялардағы ұзақ жылдар бойғы зерттеулерінің жемісі бола отырып, қазақстандық, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени-ақпараттық кеңістікке еуропалық және американдық карталарда тіркелген Қазақ мемлекеті туралы жаңа ғылыми фактілер жинағын әкеледі.

Казақстандық ғалымның ғылыми-техникалық параметрлер бойынша карталарды, олардың толық, жан-жақты деректерін беру мен сипаттаудағы мұқияттылығы назар аудартады. Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен үлкен және жемісті жұмыс жүргізген.

Бельгиялық, нидерландтық ғалым-картографтар Қазақ мемлекетін өз карталарында субъектілігі бар ел ретінде көрсеткен алғашқы еуропалықтар болды.

Еуропалық – бельгиялық, нидерландтық, ағылшын, француз, неміс, ирландиялық, австриялық, итальяндық, шотландтық, ал кейінірек америкалық ғалымдар, географтар, картографтар жазған Қазақ мемлекеті XVI-XIX ғасырлар аралығында көрсетілген, орта ғасырлардағы бірегей карталары бар кітап қазақ-еуропалық ынтымақтастықтағы және қазақстандық қоғамның үздіксіз мемлекеттіліктің орныққан дәстүрлерін түсінудегі маңызды мәдени межеге айналады.

XV-XIX ғасырлардағы көптеген еуропалық карталарда объектілердің орналасуы, сол кездегі географиялық, картографиялық ғылымның дамуына байланысты әрдайым егжей-тегжейлі дәл бола бермейді және дәл ғарыштық суреттермен расталған әлем туралы қазіргі заманғы картографиялық түсінігімізге сәйкес келмейді. Алайда еуропалық және америкалық карталар, жалпы алғанда, Қазақ Мемлекетінің орналасқан жері мен шекарасының біздің түсініктеріміз бен тарихи-мәдени деректерімізге сәйкес келетінін көрсетеді.

Кітаптың тұсаукесері барысында автор "қазақтардың автоэтнонимінің дыбысталуының түпнұсқасына жақындығы мен белгілі бірлігі, әлемдік, оның ішінде Еуропалық картографтар, саяхатшылар, Орта ғасыр, Жаңа Заман дипломаттары өздері әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінде: кітаби, ғылыми латын және тірі тілдерде: нидерланд, фламанд, ағылшын, француз, итальян, валлон, фриз, неміс, және т.б. тілдерде тіркелген және транскрипцияланған ғылыми, тарихи-саяси айқындаулардың ауқымдылығы мен алуан түрлілігі таң қалдырады", – деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу