Бердібек Сапарбаев: Ешқандай бордюр зауытым жоқ

614

Жамбыл облысының әкімі бордюр ауыстыруға неге құмар екенін түсіндірді.

Бердібек Сапарбаев: Ешқандай бордюр зауытым жоқ

"Сіз неге барған жеріңізде бордюр ауыстыруға құмарсыз? Бордюр шығаратын зауытыңыз жоқ па? Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Бердібек Сапарбаевқа осындай сауал қойылды.

"Осы сұрақ маған 15 жыл бойы қойылып келеді. Алғаш Шығыс Қазақстанда басталған еді. Енді Жамбыл облысында жалғасып жатыр. Біріншіден, менің ешқандай зауытым жоқ. Егер зауытым болса, әкім боп жұмыс істемес пе едім... Екіншіден, көшелер мен жол салынған кезде жиегінде бордюр бар ма, жоқ па дегенге қарау керек. Бар болса оның күйі қандай? Осыдан кейін ғана шешім қабылданады. Жол салынған кезде міндетті түрде бордюр болуы керек. Бірақ кейде асыра сілтеулер де болады. Мысалы, Таразда бір мердігерлер жап-жақсы бордюрді ауыстырып тастаған. Біз оларды жазаға тарттық. Өйткені күйі дұрыс бордюрді қайталап қолданса да болады. Бәріне қайталап айтқым келеді. Тіпті тексерсеңіздер де болады. Менің ешқандай зауытым жоқ. "Алматыда Сапарбаевтың зауыты бар екен. Сондықтан барған жерінің бәрінде бордюр ауыстыртады" деп жазғандар болды. Бордюрді ауыстырудың арнайы нормасы бар. Біз сол норма бойынша жұмыс істейміз", – деді Бердібек Сапарбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу