BI Group салған үйлер сапалы немесе олар жақсылап сата алады

1230

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде баспана бағасына қатысты пікір білдірді.

BI Group салған үйлер сапалы немесе олар жақсылап сата алады

"Салынған тұрғын үй көлемі бойынша BI Group-тың үлесі (астанада - авт.) 22,7 пайыз болса, баспана құнының мөлшерінде оның үлесі 42 пайыз болып отыр. Яғни аз салғанымен айтарлықтай қымбатқа сатады. Бұл жерде екі нұсқа бар. Не оның пәтерлері сапалы сұранысқа ие, не ол жақсы менеджер ретінде салған пәтерін сата біледі деген сөз. Сондықтан біз бұл мәселені тұрақты бақылап отырмыз. Әрі қарай нарықты монополиясыздандыру үшін бірқатар нормативтік құжат жобаларын дайындадық", – деді Өскенбаев.

Оның айтуынша, BI Group компаниясының баспана бағытында елодардадағы үлесі – 22,7 пайыз. Алматы қаласы бойынша да үлесі сол шамада – жалпы 2,4 млн шаршы метр баспана салынса, соның 300-400 мың шаршы метрі тиесілі. Bazis те осы шамада баспана қолданысқа берді. 

Еске саламыз, бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин де монополияға қатысты пікір айтқан.

"Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыс нарығының шоғырлануы жоғары. Онда BI Group холдингінің бір ғана құрылыс салушысының үлесі 60 пайыздан асады. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғаюы 10 пайыздан астам болып отыр. Алайда нарықты дамытудың орнына, нарық ойыншыларының саны артып, жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуі күшеюде. Осының нәтижесінде, кейінгі бес жылда бастапқы тұрғын үй бағаларының жылдық индексінің өсуі 1,3-тен 16,6 пайыз болды. Бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпіні 12 есе ұлғайды. Бұл – құрылыс нарығындағы монополияның нәтижесі", – деген еді

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу