Білім беру саласының трансформациясы қалай жүріп жатыр?

439

Астанада "Ұлттық Ұстаз: білім беруді трансформациялау көшбасшылары" атты екінші жыл сайынғы форум өтіп жатыр. 

Білім беру саласының трансформациясы қалай жүріп жатыр? Фото: Inbusiness.kz

Онда 300-ден астам білім беру көшбасшылары Қазақстанда білім беру ұйымының жаңа модельдерін енгізу тәжірибесімен бөлісіп, мектепке дейінгі, мектептегі, орта кәсіби, жоғары білім берудегі негізгі мәселелерге тоқталды. Мәселен Ulttyq Ustaz Online Academy негізін қалаушы Гүлмира Қорғанбаева "ұлттық білім беру жүйесін" құру маңыздылығына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Ulttyq Ustaz Acline Academy үшінші жыл бойы мектепке дейінгі, орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын трансформациялау бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта Астана, Орал, Көкшетау, Семей қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында 200-ден астам мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Академияда оқу және консалтингтен өтті. Яғни әр аймақта мектептердің жаңа үлгілерін енгізіп жатқан 6000-нан астам оқытылған білім беру менеджерлері мен педагогтары пайда болды. Форум елімізде орта білім беруді дамытуға қуатты серпін береді деп санаймын", — деді Ulttyq USTAZ Online Academy негізін қалаушы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Қорғанбаева.

Оның пікірінше, бүгінде көптеген сарапшылар орта білім беру жүйесін трансформациялау және мектептердің жаңа үлгілерінің, соның ішінде оқушыларды оқыту жүйесін, адамдарды басқару жүйесі мен инфрақұрылымды енгізу қажеттілігін көріп отыр. Ол білім беру ұйымдарының өңірлердегі құзыреттілік орталықтарына, яғни басқа кәсіптік ұйымдардың басын біріктіретін орталықтарына айналуы және білім беру жүйесін бірге дамытуы өте маңызды екенін атап өтті.

"Біз қазір елімізде ұлттық білім беру жүйесін құруымыз керек және білім министрлігі бұл бағытта орасан зор жұмыс атқаруда. Әсіресе ауылдық мектептер қолдауды қажет етеді. Қазірдің өзінде 15-20 жылдан кейін білім берудің жаңа бірегей үлгілерін жасай алған табысты трансформацияланған үлгі тұтар мектептер жетерлік", — деп нақтылады Гүлмира Қорғанбаева.

Ал жекеменшік мектептер атынан сөз сөйлеген Роза Садық жекеменшік оқу орындары мемлекеттік білім беру жүйесінің бөлек мәртебесіне иеленді десек те, олардың жағдайы теңесті деуге әлі ерте деп санайды.

"Сондықтан осындай форумдар маңызды. ЮНЕСКА-ның білім беру саласы бойынша халықаралық баяндамасына сәйкес, бүкіл әлемде 350 млн астам бала жекеменшік мектептерде оқиды. Қазақстанда да жекеменшік мектептер Конституцияда белгіленген білім алу құқығының орындалуына жол ашып келеді. Соңғы 30 жыл ішінде мемлекеттік емес білім ошақтары саны 11-ден (1993 жыл) 500-ге дейін (2023 жыл) өсті. Қазір олардың саны 700-ден асады. Тек соңғы үш жылда жекеменшік мектептер саны 4-есе артты. Бүгінде 300 мыңнан астам оқушы мемлекеттік емес білім ордаларында оқиды", — деді сарапшы.

Спикердің айтуынша, бүгінде жекеменшік мектеп сапалы білімнің көзіне айналды. Аталмыш ұйым жүргізген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 80%-ы жекеменшік мектептер мемлекеттік білім орындарының орнын баса алады деп жауап берген. Сондықтан сарапшы жекеменшік мектептерге бірдей мүмкіндіктер беру жағына назар аударуға ұсыныс білдірді.

Ал TALAP ұйымы басшысы Шолпан Әнуарбекова техникалық орта білім беретін жүйесін қайта жандандыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

"Қазір бізде 761 колледж, оның ішінде 315 жекеменшік орта білім беру нысандары жұмыс істейді. Яғни техникалық және кәсіби білім беру (ТжКББ) саласы бизнесті қызықтырады деген сөз. Жалпы алғанда 542 402 студент білім алып жатыр. ТжКББ жүйесінде 693 индустриалды, 547 қамқоршылық кеңес бар. Ал оқытушылардың жалпы саны 41 356 құрайды. Білім беру бағдарламаларының 80%-дан астамы модульдік құзыретті тәсілге негізделген, 2022 жылдан бастап колледждерге академиялық тәуелсіздік берілді. Жүйе 100-ден астам нормативті актілермен қадағаланады.

Біз білім беру саласына зер салғанда, оның барлық аспектілеріне мұқият қарауымыз керек. Біздің жүргізген аналитика нәтижесінде біз ТжКББ саласындағы барлық процесстерді оңтайландыруды және оның методолгиясының сапасын арттыруды шештік. Жалпы жүйенің даму векторын таңдағанша, мен барлық аспектілерге назар аударуды ұсынамын: еңбек нарығында икемделу, кәсіби дағдыларды дамыту, экономикалық дамуға үлес қосу", — деді спикер.

Бүгін форумның бірінші күні ғана, іс-шара ертең де жалғасын табады. Жалпы форумға ҚР Білім министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық миссиялардың басшылары, Гарвард университетінің, Дж.Вашингтон атындағы университет өкілдері, жетекші мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары, Қазақстан, Малайзия және Өзбекстанның білім беру саласындағы сарапшылары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу