Бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті

2208

Әйел үш баласымен бірге жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

Бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті

Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған.

"18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққысы алған. 9 жастағы бала жеңіл жарақат алған. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды",– деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу