Бір тәулікте 775 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

716

Қазақстанда өткен тәулікте 775 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал ауру жұқтырған 810 адам жазылып шықты.

Бір тәулікте 775 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің 7 қаңтардағы мәліметі бойынша, қазіргі кезде 22 918 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.  Олардың ішінде 5 208-і –  стационарда, 17 710-сі үйде ем қабылдауда. "КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында 286 адамның жағдайы ауыр, 51 пациенттікі өте ауыр, ал 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ал ауру жұқтыру көрсеткішін аймақтарға бөлсек, Нұр-Сұлтан қаласы – 122, Алматы қаласы – 105, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 60, Ақтөбе облысы – 8, Алматы облысы – 61, Атырау облысы – 75, Шығыс Қазақстан облысы – 42, Жамбыл облысы – 15, Батыс Қазақстан облысы – 32, Қарағанды облысы – 30, Қостанай облысы – 59, Қызылорда облысы – 7, Маңғыстау облысы – 5, Павлодар облысы – 75, Солтүстік Қазақстан облысы – 56, Түркістан облысы – 11 адам. 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 159 819.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу