Бірқазанның басын сатпақ болған отандасымыз сотталды

1125

Бірқазанның басын сатпақ болған отандасымыз сотталды

Қазақстан азаматы "Мерседес" көлігімен құстың қу басын тасымалдағаны үшін сотталды. Ол жүкті Алтай арқылы Моңғолияға асырмақшы болған, деп хабарлады Тайга.инфо-ға сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Батыс Сібір көлік прокуратурасының деректеріне сүйенсек, ер адам бірқазанның кептірілген 70 дана басын сатып алып, үш сөмкеге жүк болған бұл тауарын Ресейге апару үшін танысының көлігіне жасырған. Контрабандашы шекарадан өтпек болғанда ұсталды. Тауардың жалпы құны 6,8 млн рубльге бағаланды.

Алдын ала тергеу барысында қылмыскер айыбын толықтай мойындап, өкініш білдірді.

Сот оған бір жарым жыл сынақ мерзімімен шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу