Премьер-Министр бизнеске тауарларды таңбалауға арналған құрал-жабдықтармен көмек көрсетуге уәде берді

1047

Оның пікірінше, тауарларды қадағалау жүйесі енгізілмесе, отандық нарыққа заңсыз өнімдер тасымалдануы мүмкін.

Премьер-Министр бизнеске тауарларды таңбалауға арналған құрал-жабдықтармен көмек көрсетуге уәде берді

Тауарларды таңбалау барысында құрал-жабдықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП-ның IX кезектен тыс съезінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ол тауарларды таңбалау уақыт талабы екенін атап өтті.

"Тауарларды таңбалау уақыт талабы болып саналады. Мұндай әдіс бүкіл әлемде бар. Біздің негізгі сауда серіктесіміз оны белсенді түрде енгізіп жатыр. Біз тауарларды таңбалауды кезең-кезеңімен енгіздік, ал көрші елдердің үкіметі алдын ала жұмыс жүргізбей, бизнеспен талқыламай, жүйені енгізді. Біз пилот жобасын енгіздік, тараптармен ақылдастық. 2 жыл бойы талқылап, кейін пилоттық жобасы іске асыру туралы шешім қабылдадық", – деді Үкімет басшысы.

Ол сүт өнімдерін таңбалау туралы шешімді мысалға келтірді. Бұл пилоттық жоба аталған өнімді таңбалалаудың керегі жоқ екенін көрсеткен.

"Біз таңбалауды енгізбей, барлық көрші ел оны енгізді делік. Егер бізде тауарлардың көлеңкелі айналымы артса, адал жұмыс істеп жүрген бизнес кәсібін тоқтатуға мәжбүр болады. Демпингтік бағамен тауарлардың көлеңкелі айналымы отандық нарықта болады. Біз кез-келген жағдайда қорғауымыз керек. Тағы бір мәселе марканың бағасына қатысты. Оны 3 теңге дедік. Өндірушілердің алдында "құрал-жабдық керек пе?" деп мәселені көтеру керек немесе көтерудің керегі жоқ. Бұл мәселе көтерілсе, қандай мемлекеттік қолдау шараларын көрсету керек? Осы жабдықтың құнын субсидиялау бойынша біз бизнеске көмектесеміз", – деді Премьер-Министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу