Бишімбаев "Бәйтерек" компаниясындағы жемқорлық әрекеттерден бейхабар болғанын айтты

1112

Бишімбаев "Бәйтерек" компаниясындағы жемқорлық әрекеттерден бейхабар болғанын айтты

Ұлттық экономика министрі, бұрын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқарған Қуандық Бишімбаев "Бəйтерек" компаниясының парамен ұсталған топ-менеджерлеріне қатысты комментарий беруден бас тартты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берместен Үкімет үйінен шығып кетті. "Бəйтеректе" болып жатқан оқиғаны білдіңіз бе? Тергеу ол бірнеше жылға жалғасқан жүйе екенін айтып отыр" деген сұраққа министр: "Əрине, білген жоқпын. Бұл оқиғаға қатысты пікір айтқым келмейді. Тергеу жүріп жатыр, тергеу аяқталсын", – деп асығыс жауап берді. Айта кетейік, 2016 жылдың қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек  Development" АҚ басшыларының парамен ұсталғанын, артынша тұтқындалғанын мәлімдеген болатын. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен "Бәйтерек  Development" АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Жақыповқа, мемлекеттік-жеке әріптестік дирекциясы департаментінің басшысы Б.Айтымбетовке, бұрынғы және қазіргі басқарушы директорлар Г.Анарбайға, Г.Сәриевке, "Project City Group" ЖШС басшылары мен құрылтайшылары  К.Смағұловқа, Б.Есмұхановқа, Е.Жұманазарға және А.Комароваға "тұтқындау" бұлтартпау шарасы тағайындалды. "Бәйтерек  Development" АҚ басшылығы аса ірі көлемде пара алу үшін ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық сызбасын қолданып келген. Олар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтарда жалдамалы баспаналар салу бойынша сатып алулар кезінде құрылыс компанияларының мүддесін қолдап келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу