Бішкекте "Абай ақынға мың тағзым" концерті өтті

791

Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай ақынға мың тағзым" концерті өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

 Бішкекте "Абай ақынға мың тағзым" концерті өтті

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Сүйінбек Қасмамбетов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Алимжон Мирзаев және басқа да елшілік өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Сүйінбек Қасмамбетов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың хакім Абайдың 175 жылдығына арналған құттықтау хатын оқып беріп, Ақтоты Райымқұловаға табыстады. Ал Қайрат Иманалиев ұлы ағартушы, қоғам қайраткерінің өмір жолына тоқталып, Абай шығармашылығы Қырғызстанда да танымал екенін, күні бүгінге дейін қырғыз сахнасында жырлары оқылатынын жеткізді.

Өз кезегінде Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шараға қатысушыларға алғыс айтты.

Айта кетейік, концертке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия өнерпаздары қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу