Бішкектегі бас алаң Ала-Тоода Қырғызстанның жаңартылған туы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AКИPress басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін ел президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда жаңа ту ілінген кезде ескі туға да ұқыптылықпен қарау талаптары күшінде болатынын атап өткен болатын.
Ол мемлекеттік рәмізді өзгерту оның жеке бастамасы екенін мойындады.
Еске салсақ, Қырғызстанда парламент депутаттары елдің мемлекеттік туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынатын заңды үшінші оқылымда қабылдағанынхабарлаған едік. Бішкекте ел туының өзгеруіне қарсы наразылық шеруі өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу