Битум өндірісін ұлғайтуға жол-құрылыс компанияларының өтінімдері қажет – Болат Ақшолақов

668

Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес елімізде битум өндірісін ұлғайту қажет. 2022 жылға битум өндіру жоспары 726 мың тоннаны құрады, іс жүзінде 8 айда шамамен 600 мың тонна өндірілді. 

Битум өндірісін ұлғайтуға жол-құрылыс компанияларының өтінімдері қажет – Болат Ақшолақов

QazaqBitum бойынша өндіріс жоспарының орындалмауы – басқа МӨЗ-дермен (мұнай өңдеу зауыттары – авт.) салыстырғанда битумға бағаның жоғары болуына байланысты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі, өйткені QazaqBitum оны импорттық шикізаттан (гудрон) өндіреді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"QazaqBitum-дағы битум бағасы (тоннасына 225 мың теңге) ресейлік гудронды сатып алуды ескере отырып, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы бағалармен салыстырғанда (тоннасына 200 мың теңгеге дейін) оларға тең немесе төмен. Осылайша, QazaqBitum жұмыс орындарын қамтамасыз ететінін және қосылған құнды құрайтынын ескере отырып, QazaqBitum өндірістік қуаттарын пайдалану орынды деп санаймыз", – деді министр.

Ол сонымен бірге Қазақстан Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының келіссөздері нәтижесінде гудрон импортының көлемі 280-ден 430 мың тоннаға дейін ұлғайғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта "алушы-берушілер" ірі мұнай жеткізушілері (ҚМГ, Петросан, Каспий Битум) битумды Автомобиль жолдары комитеті ұсынған жол компанияларының тізбесі бойынша тиеп-жөнелтуді жүргізуде", – деп сендіреді министр.

Оның айтуына қарағанда, елдегі битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін (2021 жылға қарай +247 мың тонна) ұлғайту жұмыс істеп тұрған зауыттарды қосымша тиеу есебінен мүмкін болады:

CaspiBitum – Қаражанбас мұнайын өңдеу есебінен жылына 500 мың тоннаға дейін (+94 мың);
Qazaq Bitum – Ресей гудронының импорты есебінен жылына 374 мың тоннаға дейін (+200 мың).

"Бұл үшін жол-құрылыс компанияларының өтінімдері қажет, оның ішінде битумға сұраныс төмендеген қысқы-көктемгі кезеңде өтінімдері қажет", – дейді Ақшолақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу