Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустриалды аймақ директорының орынбасары Арсылан Абдамит айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Индустриалды аймақ Алматының Алатау ауданында орналасқан және өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін бастапқы алаң ретінде құрылған.
"Өндірістік алаңда жобаларды жүргізудің маңызды артықшылығы бизнесті жүргізудің тиімді шарттары, сондай-ақ, инфрақұрылым болып табылады. Пандемия кезінде басқарушы компанияға түскен өтініштер саны 2 есе өсті", – деді Арсылан Абдамит.
Индустриалды аймақтың тағы бір артықшылығы – өндірістік кәсіпорындардың қала сыртында орналасуы. Ал бұл Алматының экологиялық жағдайын жақсартты.
Спикердің айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін Индустриалды аймақта 9 жаңа кәсіпорын ашылады.
"Әзірге бұл жобалар кезеңдермен жүзеге асырылады. Бірінде инженерлік коммуникациялар тартылып жатса, екіншісінде құрылғылар орнатылуда, үшіншісінде ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді",– деп түсіндірді спикер.
Жаңа кәсіпорындар тізімінде: "СК Рахат", "Г.С.Г. Высотник", "Қаз-Диа-Тест", "City Stone", "Әлем Тынысы", "Asia steel pipe corporation", "Электробар", "Valtherm", "Technokont" бар.
Индустриалды аймақ директорының орынбасары жаңа кәсіпорындарда диагностикалық тесттер, электротехникалық өнімдер, жылыту құралдары мен басқа да өнімдер шығаратынын айтады.
Сонымен қатар, аталған жобалардың іске асуы экономиканы дамытып, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін Алматының Индустриалды аймағында 2522 жұмыс орнын құра отырып, 28 жобаны іске қосу жоспарланған.
Құралай Құдайберген