Биыл елімізде 33 мыңнан астам үй пайдалануға берілген

1036

Бүгінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды. 

Биыл елімізде 33 мыңнан астам үй пайдалануға берілген

Қазақстанда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан құрылыс компаниясына деген сенімділік өзекті мәселенің біріп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 10 айда елде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық.

Ең көп тұрғын үй Нұр-Сұлтанда салынған 2,3 млн шаршы метр немесе Қазақстанда салынғын үйлердің – 19,6%. Үздік үштікке Алматы қаласы (1,4 млн шаршы метр) және Маңғыстау облысы (954,1 мың шаршы метр) енді.

Жалпы биыл қаңтар-қазанда Қазақстанда 32,43 мың жеке үй және 1 032 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық меншік нысанындағы ұйым 98,9 мың пәтер салған.

Бұл дерекке қарамастан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әлі өзекті күйінде қалып отыр. Елде бір тұрғынды үймен қамтамасыз ету көрсеткіші – 22,6 шаршы метр, ал БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес бұл көрсеткіш бір тұрғынға кемінде 30 шаршы метр болуы тиіс.

2021 жылғы 10 айда тұрғын үй құрылысына 1,9 трлн теңге инвестиция салынған. Бұл өткен жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 27,5%-ға артық. Мұнда салаға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 76,6%-ы бизнестің (құрылыс компанияларының) өз қаражаты болып саналады. Оның 554,7 млрд теңгесі немесе 38,6%-ы – халықтың қаражаты, үлестік құрылысқа бөлінген қаржы.

Халықтың тұрғын үй құрылысына салған қаражаты қомақты екенін ескерсек, құрылыстың жоспарға сәйкес жүргізілуі қоғамдық тыныштық және халықтың көңіл-күйіне тікелей байланысты екені белгілі. Алайда сенімсіз құрылыс компаниялары мен алаяқтар бұл тыныштықты бұзуы ықтимал.

Мысалы, Нұр-Сұлтан тұрғын үйді пайдалануға беруде көшбасшы болғанымен мұнда құрылыстың ұзақ салынуы мен үлескерлердің алданып қалу мәселе өзектілігін жоғалтқан жоқ. Биыл елорда әкімдігі 7 мыңнан аса үлескердің пәтер алатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет қомақты қаржы бөліп, проблемалық тұрғын үйді салып жатыр.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта мемлекет құрылысы ұзаққа созылған, проблемалы 21 тұрғын үй салып бітіруге мәжбүр болды:

• "Жастар 4" тұрғын үй кешені (құрылысы 11 жылға созылды);
• "Талисман" тұрғын үй кешені (құрылысы 6 жылға созылды);
• "Зере-1" тұрғын үй кешені (құрылысы 7 жылға созылды);
• "Шығыс" тұрғын үй кешені;
• "Ақерке-2" тұрғын үй кешені (құрылысы 7 жылға созылды);
• "Жеті жол" тұрғын үй кешені (құрылысы 10 жылға созылды) және тағы басқа.

Осы жылдың екінші жартысында елордада проблемалы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Мұнда үлескерлер өз пәтерлерінің пайдалануға берілуін 10 жылдан аса уақыт күтіп отыр.

Осылайша, тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне қарамастан құрылыс компанияларына деген сенімділік өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан мемлекеттік органдар қазақстандықтарға пәтер сатып алмас бұрын сақ болуға кеңес береді. Алдымен құрылыс компаниясының тарихына, оның қанша тұрғын үйді салып, пайдалануға берілгеніне, оның сапасына және нарықта қанша жыл жұмыс істеп жатқанына мән берген жөн.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу