Қазіргі таңда қала бойынша 40 шақырымға жуық веложолақ қолданыста, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Қала әкімінің орынбасары А.Қайсағалиевтің айтуынша, үш жыл ішінде шамамен 130 км веложолақ салыну жоспарланды, ал биыл соның 45 шақырымы салынбақ. Қазірдің өзінде велостансаны және қаладағы велосипед жөндеу орындарын арттыру бойынша жұмыстар басталды.
Айта кету керек, елордада 155 велостанса және 1078 велосипед бар.
"Біз олардың санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы велосипед спорты мен туризмін дамытуға, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған" – деді Алтынбек Қайсағалиев.