Биыл Қарағанды қаласында бес жасар балаларға арналған 190 мектепалды даярлық сыныбы ашылады. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен аппараттық жиналыс кезінде білім бөлімінің басшысы Гүлсім Қожахметова мәлімдеді.
Биылғы оқу жылында мектепке дейінгі сыныпқа 3000-ға жуық бала бара алады. Тағы 6748 бала мектепке балабақшаларда даярланады.
Бірінші тамыздан бастап қаланың барлық оқу орындарында мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар үшін "Бүлдіршіндер мектебі" дайындық курстары басталды.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында Қарағанды мектептерінде 42 қосымша инклюзивті сынып ашылады. Қазір қаланың 28 мектебінде осындай 161 сынып жұмыс істейді. Қарапайым балалармен бірге оларда ерекше қажеттіліктері бар 230 бала оқиды.
"Қарағанды инклюзивті білім беруді дамытуға мемлекеттік тапсырыс алған және жүзеге асырылатын жалғыз қала. Онда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс көлемі анықталған: инклюзивті топта – 34000 теңге, арнайы топта – 52000 теңге", – деді Гүлсім Қожахметова.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ыңғайлылығы үшін мектептерде пандустар орнатылып, логопедтер мен психологтардың барлық қажетті кабинеттері жабдықталады.