Биыл қолданыстағы тұрғын үйлерді жөндеуге 19 млрд теңге бөлінеді

751

2021 жылы елімізде бұрын салынған үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге 19 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл қолданыстағы тұрғын үйлерді жөндеуге 19 млрд теңге бөлінеді Фото: inbusiness.kz

Бірінші вице-министр республикада қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"2020 жылы 8 өңірде (бұрын салынған – автор) 249 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Биыл 473 тұрғын үйді жөндеуге 19 млрд теңге жоспарланып отыр", – деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұрғаны хабарланған еді. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу