Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр

1155

Олардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып отыр.

Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр

Елімізде 559 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғын үй алуға кезекте тұрғындардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып отыр.

"Бүгінде олардың саны 559 мың болды. Отбасы мүшелеріне шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен табысы төмен, алайда тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар бар. Олар тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы үймен қамтамасыз етіледі", - деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мұндай топқа көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасылар және халықтың басқа да осал топтары жататынын жеткізді. 

"Табысы ең төменгі күн көріс мөлшерінен жоғары, алайда тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдар бар. Олар жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген несие алу арқылы үй сатып ала алады", - деді бірінші вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде тұрғын үй бағасының өсуі қашан тоқтайтыны хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу