Биыл тағы 5,7 мың шақырым жол ақылы болмақ

807

Биылғы екі айда жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесінен 643,1 млн теңге қаржы түскен.

Биыл тағы 5,7 мың шақырым жол ақылы болмақ

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан – Теміртау" тасжолынан – 215,5 млн теңге түссе, "Нұр-Сұлтан – Шучинск" тасжолынан түскен ақша 167 млн теңгені құраған. "Алматы-Қапшағай" жолынан 140,1 млн теңге, "Алматы – Қорғас" жолынан 120 млн теңге жиналған.

Айта кету керек, өткен жылы ақылы жол учаскелерінен жиналған қаражат мөлшері 5,4 млрд теңгені құраған еді. Оның 3,8 млрд теңгесі – ақылы жолдарды күтіп ұстау шараларына, 1,6 млрд теңгесі – төлем алу жүйесіне қызмет көрсету шараларына жұмсалған.

Былтырғы жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды.

"Келісімге сәйкес биыл реконструкциядан өткен 5,7 мың шақырымдық жолдардың учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін реконструкциялау шараларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. Осылайша, жүйе ақылы жолдардың күтіміне жыл сайын бюджет қаражатының бөлінуін болдырмайды",– дейді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу