Биыл "Бәйтерекке" 627,5 мың турист келген

1616

"Бәйтерек" монументі 2002 жылы орнатылған, елорданың басты көрнекті ғимараты.

Биыл "Бәйтерекке" 627,5 мың турист келген

"Бәйтерек" ғимаратында қыс мезгілінде 54 417 турист болып қайтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қаңтар-қараша айларында "Бәйтерекке" 627 532 адам келді. Ал осы қыста мұнда 54 417 турист, көктемде – 89444, жазда – 2785959, ал күзде 204 712 турист болды", – деп мәлімдеді "Бәйтерек" монументінің баспасөз қызметінен.

Елорданың басты көрнекті ғимараты – "Бәйтерек" монументі 2002 жылы орнатылды. Ғимараттың биіктігі – 100, шар құрылыммен есептегенде 105 метрді құрайды. Шардың диаметрі – 22 метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу