Депозитте ақшаны теңгемен жинаған дұрыс па, әлде доллармен бе?

259

Қай өңірдің тұрғындарында депозиттік салымдары көп екені белгілі болды.

Депозитте ақшаны теңгемен жинаған дұрыс па, әлде доллармен бе? Фото: inbusiness.kz

Әрбір қазақстандық өз ақшасын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге де тырысады. Бүгінде ең танымал тәсілдердің біріне банктік депозиттер жатады. Теңге бағамының ауытқуына, сыртқы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, қазақстандықтар банктерде ақша жинауын жалғастырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жетекші сарапшысы Зарина Скрипченконың дерегінше, 2024 жылғы 1 қарашада Қазақстан банктеріндегі халық салымдарының көлемі 22,7 трлн теңге болды, бұл былтырғыға қарағанда 21%-ға артық. Салыстырар болсақ, 2023 жылғы қарашада бұл көрсеткіш 18,7 трлн теңге болған. Сарапшының пікірінше, жинақтың артуы халық табысының ұлғаюымен, қолайлы пайыздық мөлшерлемелермен және пайыздарды капиталдандырумен байланысты. 

Ақшалай артықшылықтар

Қаржысын көбейтуге ниетті қазақстандықтар валюта бағамын белсенді бақылап отыр. Бірақ та, доллар қаншалықты артса да, қаражатты теңгемен сақтау ең тиімді тәсілдің бірі болып қала береді, дейді Зарина Скрипченко. Бұдан басқа ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер тартымды ставкаларды ұсынып отыр: 

  • 1 айдан 3 айға дейін – жылдық 15,4%;
  • 3 айдан 1 жылға дейін – 13,7%;
  • 1 жылдан 5 жылға дейін – 13,4%.

Долларлық депозиттер тұрақты валюта бағамына байланысты қолайлы болып көрінгеніне қарамастан, депозиттік нарықтағы долларландыру деңгейі біртіндеп төмендеп отыр. Мысалы, 2024 жылғы 1 қарашада халықтың шетел валютасындағы салымдарының үлесі 23% болды, ал бір жыл бұрын көрсеткіш 28%-ға жетті. 

Депозиттер бойынша ставкаларды салыстырсақ, шетел валютасында бұл көрсеткіш орташа есеппен жылдық 1%-дан төмен екенін көреміз.

"Қаржыны осындай пайызбен сақтау тартымды емес әрі экономикалық тұрғыдан да орынсыз. АҚШ-тағы инфляция долларлық депозиттердің кірістілігінен үш есе жоғары", – деді Скрипченко. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының дерегінше, 50 млн теңгеден астам қалдықтары бар ірі депозиттер көбінесе доллармен сақталады. Осындай ақшасы бар қазақстандықтар валюталық ауытқулардың әсерін азайту үшін қаржыны шетел валютасында сақтауы мүмкін.

Қазақстандағы ең белсенді салымшылар қай өңірлерде тұрады?

Депозиттерді тарту бойынша ең үлкен белсенділік ірі қалаларда және экономикалық тұрғыдан дамыған аймақтарда байқалып отыр. Мысалы, Алматы – салымдардың жиынтық көлемі 43%; Астана – 12%; Шымкент – 4%; Қарағанды облысы – 6%. Аталған төрт өңірде халықтың барлық салымының шамамен 65%-ы жинақталған. 

Айта кету керек, бүгінгі таңда нарықта депозиттердің үш негізгі түрі бар: мерзімді емес, мерзімді және жинақ. ҚДКБҚ атап өткендей, олардың ішінде ең танымалы мерзімсіз депозиттер ең танымал болып отыр  Оларға салымдардың жалпы көлемінің шамамен 65%-ы тиесілі. Зарина Скрипченконың сөзінше, бұл тартымды ставкалардың болуымен, есептелген сыйақыны сақтай отырып, қаражатты алу және оларды айырбастау мүмкіндігімен байланысты деп санағандықтан жасалған іспетті.

Қорытындылайтын болсақ, Қазақстандағы депозиттер нарығы экономикалық сын-қатерлерге және ұлттық валютаның әлсіз бағамына қарамастан дамып келеді деуге болады. Қазақстандықтар ақшаны доллармен де сақтай алады. Алайда бұл қолыңыздағы қаражатыңыз 50 млн теңгеден асқан жағдайға ғана тиімді. Басқа жағдайларда теңгедегі мерзімді депозиттерді таңдаған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу