"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ құрамына енетін "Тау-Кен Алтын" мемлекеттік аффинажды зауыты биыл Ұлттық банкке 15 тонна алтын сатуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті "Тау-Кен Самұрық" АҚ басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов.
"Былтыр "Тау-Кен Алтын" Ұлттық банкке 12 тонна алтын сатқан, биыл 15 тонна сатуды жоспарлап отырмыз", – деді Мәжит Тұрмағамбетов.
Осылайша, аффинажды зауыт биыл Ұлттық банкке алтын сатуды 25%-ға арттырмақшы.
Мәжит Тұрмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда "Тау-Кен Алтын" Ұлттық банкке әрқайсысы 12 келілік құйма түрінде шамамен 29 тонна алтын сатқан
"Тау-Кен Самұрық" ұлтттық тау-кен компаниясы" АҚ ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамына енеді) 2013 жылдың желтоқсанында құны 4,5 млрд теңге (сол сәтте 30 млн доллардай) болатын аффинажды зауытты іске қосты. Кәсіпорын жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күміс шығаруға қауқарлы. Алдағы уақытта алтын өңдеу қуатын жылына 70-75 тоннаға дейін жеткізу ойда бар.