Синоптиктердің айтуынша, қазан айы елдің оңтүстік тұрғындарын ғана емес, солтүстік өңірлер үшін де таңғаларлық жылы болды. Әсіресе айдың бірінші және екінші онкүндігі ерекше жылы болған.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градусқа жоғары болды. Еліміздің солтүстік жартысында күндіз термометр көрсеткіші +15...+25, оңтүстік жартысында +22...+30 градусқа дейін көтерілді.
"Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік облыстарында аптап ыстықтың шарықтау шегі 9-12 қазан аралығында болды, бұл Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының қарқынды кетуіне байланысты болды", деп хабарлады метеорологтар.