"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының 17 өңірлік палатасы, 19 қызмет көрсету орталығы және кәсіпкерлерге көмек көрсететін 191 қолдау орталығы бар. Съезде қабылданған шешімге сәйкес, былтыр жылдық табысы 144 млн теңгеден аспайтын кәсіпкерлер мүшелік жарна төлеуден босатылды. Бүгінгі таңда 174 қауымдастық пен одақ ұлттық кәсіпкерлер палатасының аккредитациясына ие болып отыр. Қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып жатыр. 2019 жылдың 9 айында қаржыландыру сомасы 670 млн теңгеге жетті", – деді кәсіпкерлердің VI съезінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.
Оның сөзінше, палата құрылғаннан бері кәсіпкерлерден 30 мыңнан астам шағым еліп түскен. Мәселенің 45%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.
"Шағымданушылардың саны жыл сайын қысқарып келеді. 2016 жылы – 7225, 2017 жылы – 5195, 2018 жылы – 4633 шағым түсті. Бұл біздің жұмысымыздың нақты көрінісі", – деді басқарма төрағасының орынбасары.
РустамЖүрсіновтың мәлімдеуінше, шағымдардың 18%-ы – жер қатынастарына, 9%-ы – салық салуға, 9%-ы – құқық қорғау органдарының заңсыз әрекетіне, 7%-ы – мемлекеттік сатып алуға, 7%-ы әкімшілік кедергілерге қатысты болған.
Рустам Жүрсіновтың сөзінше, мемлекет кәсіпкерлерге қолайлы бизнес-климат қалыптастырудың барлық алғышартын жасап отыр.
"2020 жылы микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге 3 жыл мораторий жарияланады. Біз бизнес ортаға жасалған жайлы жағдай тұынушылардың құқығына қайшы келмеуге тиіс деп санаймыз. Себебі біз адал кәсіпкерлерді және адал бизнесті қолдаймыз", – деп қорытты сөзін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары.
Қанат Махамбет